Орган по подтверждению
соответствия систем менеджмента

САПА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСАТ

БІЗДІҢ МІНДЕТ

·        Қазақстандық өнім және қызметтерінің сапасына біздің тапсырыс берушілермен бірге жауапкершілігіне қосыла отырып, замандас басқару мәдениетін дамытуына жағдай жасау.

·        Өнімнің, қызметтің сапасын арттыру сұрақтарын шешу үшін халықаралық жәнке ұлттық стандарттау жетілдіру.

БІЗДІҢ МАҚСАТТАР

1.     Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау саласында мүлтіксіз ISO/IEC 17021 талаптарына  сәйкес Қазақстан Республикасында жетекші сертификаттау орталығы болу.

2.     Шетелдік және халықаралық сертификаттау ұйымдарымен белсенді және тең құқылы қызмет жасау.

3.     Жұмысымыздың сапасын үнемі жақсарту және нәтижелілік пен ҚР СТ 9001 стандартының талаптарына сәйкес менеджменті жүйесінің тиімділігін жоғарылату.

БІЗДІҢ ҚАҒИДАЛАР

· Риясыздық – менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау нәтижесіне әсер етуші әкімшілік, саудалық, қаржылық немесе өзге де ықпал көрсету жағдайларын жоққа шығару, мүдделік жанжалдарды басқару.

· Кәсіби құзыреттілік – МЖ СРО қызметкерлерінің лайықты білім жіне икемін тиімді қолдану көрсетілу қабілеттілігі .

· Жауапкершілік – негізділік, жауапкершілік, шешім қабылдау және тұжырым жасау дұрыстығы.

· Ашықтылық – қолжетімділікті қамтамасыздандыру немесе сертификаттау әділдігіне және сенімділігіне берік болу үшін кез келген ұйым үшін сертификаттау мәртебесін және аудит процесстері туралы өзекті сәйкес ақпарат беру (яғни, беру, жою, тоқтату, жаңарту, облысты кеңейту немесе қысқарту).

· Өтініш берушілерден алынған мәліметтердің құпиялығы.

· Шағымдарға жауап қайтару – барлық мүдделі тараптарға әр шағым талқыланады және шешіледі деген сенімділікті қамтамасыз ету

Басшылық саясаттарды іске асыруға  және қойылған мақсаттарға жетуге жауапкершілік жүктейді.

 

 РИЯСЫЗДЫҚ САЯСАТЫ

ҚР СТ ISO/IEC 17021-1:2015 «Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар» стандарты және заң талаптарын басшылыққа ала отырып, «Республиканский Центр Сертификации» ЖШС бас директоры ресми түрде мәлімдейді:

Менеджмент жүйелерінінің сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізе отырып, риясыздықтың маңыздылығын түсіне отырып, менеджмент жүйелерін сертификаттау қызметін жүзеге асыру кезінде әділдікке кепіл береді және мүдделер жанжалын басқарады;

«Республиканский Центр Сертификации» ЖШС МЖ СРО эксперт-сарапшыларының тәуелсіздік мәртебесін құрметтейді және менеджмент жүйелерінінің сәйкестігін растау жұмыстарын өткізуіне, соның ішінде менеджмент жүйелерін сертификаттауымен байланысты шешім қабылдау процесіне араласпайды;

«Республиканский Центр Сертификации» ЖШС МЖ СРО штаттық және менеджмент жүйелерінінің сәйкестігін растау жұмыстарына шақырылған қызметкерлерге әкімшілік, қаржылық және басқа әсер, ықпал көрсетпейді.

Мәлімделген аккредиттеу саласына шешім қабылдауда риясыздық және тәуелсіздікті қамтамасыз етуіне күмән тудыратын кез келген әрекеттер қолданбайды.

 

ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

          «Республиканский Центр Сертификации» ЖШС менеджмент жүйесін сәйкестікті растау органы (МЖ СРО)  МЖ СРО  атынан қызмет көрсететін тұлғалар мен комитеттерді қоса алғанда, сәйкестікті растау қызметін көрсету барысында алынған немесе жасалған  ақпараттың құпиялығын қорғау үшін шара қолданады.

          МЖ СРО  мәлімдеушінің ақпаратына қатысты құпиялықты сақтауын қамтамасыз етеді.  Қызметкерлердің, МЖ СРО  атынан келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын тұлғалардың міндеттемелері жазбаша түрде декларацияланады және қатаң қадағалауға жатады.

          МЖ сәйкестігін растау бойынша қызметтерін көрсету туралы келісімшарт жасау барысында МЖ СРО аудит кезінде алынған ақпараттың құпиялығы туралы міндеттеме алады.

          МЖ СРО  клиентке алдын-ала (келісімшартта) жалпы пайдалану үшін орналастырылатын ақпарат жайлы хабар етеді. Қалған барлық ақпарат, клиент көпшілікке қолжетімді болып келетін ақпаратты қоспағанда, құпиялық болып қарастырылады.

          Ұйым туралы дереккөздерден алынған ақпарат құпиялық болып қарастырылады.

          МЖ СРО құпиялық ақпаратты қауіпсіз ұстайтын құралдар мен заттар (мысалы, сейф, жабық шкафтар, күзет) қолданылады.

МЖ СРО-да ақпаратты сақтауға, сақтау орнына, сақтау мерзіміне жауапты адамдар бекітілген, сертификаттау материалдарын сақтау және қолжетімділікті шектеу қамтамасыз етіледі.

Сертификатты тоқтату, күшін жою немесе сертификаттау облысын қысқарту САЯСАТЫ

 «Республиканский Центр Сертификации» менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган сертификатталған тапсырыс берушілеріне менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификатын және сертификаттау белгісін пайдалануға береді.

«Республиканский Центр Сертификации» менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган төменде аталған фактілерді анықтаса, сертификатты тоқтату, күшін жою немесе сертификаттау облысын қысқарту әрекеттерін қолдану құқылығын хабарлайды.

Сертификат әрекеті тоқтатылады, егер:

тапсырыс берушінің сертификатталған менеджмент жүйесінде менеджмент жүйесінің тиімділігіне қатысты талаптардың жүйелік бұзылуы байқалса;

сертификатталған тапсырыс беруші инспекциялық немесес ресертификатту аудиттеріне кедергі келтірсе;

сертификатталған тапсырыс беруші сертификат әрекетін өз еркімен тоқтатуын сұраса.

 

Сертификат әрекеті жойылады, егер:

инспекциялық аудит өткізу кезінде елеулі сәйкессіздік анықталса;

керекті мерзімділікке сәйкес сертификатталған тапсырыс беруші инспекциялық аудит өткізуге рұқсат бермесе;

сертификатталған тапсырыс беруші сертификат әрекетін өз еркімен жоюын сұраса.

 

Тапсырыс берушінің сертификаттау облысын қысқарту  жағдайлары:

сертификаттау талаптарына сай емес облысты алып тастау;

сертификатталған тапсырыс беруші сертификаттау облысын өз еркімен қысқарту.

 

Сертификатталған тапсырыс беруші мен МЖ СРО арасындағы келісім шарт сәйкестік сертификаттың әрекетін тоқтату немесе жою жағдайында менеджмент жүйесін сертификаттау сілетмесінен бас тартуы тапсырыс берушінің жауапкершілігі мен міндетін орнатады.

Сертификатты тоқтату, күшін жою немесе сертификаттау облысын қысқарту ақпараты мемлекеттік органдарға сұрату бойынша ұсынады.

Тапсырыс берушінің менеджмент жүйесін сертификаттау жағдайы туралы ақпарат www.reca.kz сайтында жарияланады және кез келген мүдделі тараптарға қолжетімді.

 

 Сәйкестік белгісін және сертификаттау сілтемелерін басқару саясаты

«Республиканский Центр Сертификации» ЖШС менеджмент жүйесін сәйкестікті растау органы (МЖ СРО) сертификатталған тапсырыс берушілерге менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификатын және сертификаттау белгісін қолдану құқығын береді.

МЖ СРО сертификатталған ұйым сәйкестік белгісін сертификаттау облысы шегінде және сәйкестік сертификатының әрекет ету кезеңінде  қолдануын талап етеді.

Сәйкестік сертификатын тоқтату, қайтару мерзімінде сәйкестік белгісін қолдануға тыйым салынады. Сертификат әрекетін тоқтату, қайтару мерзімінде тапсырыс беруші сертификаттау сілтемесі бар жарнама материалдарын қолдануын тоқтатуға тиіс. Сертификаттау облысын қысқарту жағдайында барлық жарнамалық материалдарға өзгерту енгізу керек.

Тапсырыс беруші:

· сертификаттауға қатысты екі ұшты мәлімдеме жасамау тиіс;

· сәйкестік сертификатын жаңылысу әрекетін тудыратын жағдайда қолданбауы тиіс;

· сертификаттауға қатысты емес қызметіне қатысты деп тұспалдамау керек;

· сәйкестікті растау органына сенімсіз абырой және қоғамдық сенім жоғалтуына алып келетіндей сертификаттауды қолданбауы тиіс;

· менеджмент жүйесін сертификаттау туралы ақпараттың қолдануы өнім/қызмет немесе процесс сертификатталды деген пікір тудырмау керек;

· сертификат әрекеті жойылған жағдайда сертификатты жою туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде МЖ СРО сертификатты қайтаруы тиіс;

· «Республиканский Центр Сертификации» ЖШС және/немесе сертификаттау жүйесіне немесе қоғамдық сенім беделіне әсер ететіндей қолданбауы тиіс.

«Республиканский Центр Сертификации» ЖШС менеджмент жүйесін сәйкестікті растау органы сәйкестік сертификатын, сертификаттау белгісін немесе аудит туралы есептерді тиісті емес жағдайларда анықтаса, сәйкес әрекет қолдануға құқық қалдырады.

     Өтініш беруші және тапсырыс берушілер туралы жазбаларды басқару САЯСАТЫ

«Республиканский Центр Сертификации» ЖШС сертификаттау процесінде қолданылатын ақпараттың құпиялық маңыздылығын толық ұғынады. Тапсырыс берушіден және басқа ақпарат көздерінен алынған ақпарат қатаң құпиялық болып келеді.

Рұқсат етілмеген қолжетімділікті болдырмау үшін, деректердің дәлдігін сақтау үшін және ақпаратты дұрыс қолдану кепілі үшін жиналатын ақпаратты қорғау үшін физикалық, техникалық және әкімшілік шаралар қолданылады.

«Республиканский Центр Сертификации» ЖШС  ақпараттың сақталуы және оның жайылып кетілуі келесі ережелерді ұстануы қамтамасыз етеді:

· «Республиканский Центр Сертификации» ЖШС барлық қызметкерлері алынған ақпараттың құпиялығын сақтау туралы қолхат береді;

· жүйенің сертификаттау материалдары арнайы қорғалатын орынды сақталады;

· электоронды пошта арқылы берілген ақпарат СРО басшылары бекіткен құпиясөзбен қорғалады.

         Біз Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жағдайда ғана құпиялық ақпаратқа рұқсат береміз, тапсырыс берушіге хабар беруге міндеттелеміз.

  ИСО 9001:2015,  ИСО 14001:2015 стандарттарының жаңа нұсқаларына ауысу САЯСАТЫ

Мақсат: СТ РК ИСО 9001-2009 стандартынан ИСО 9001:2015 және СТ РК ИСО 14001-2006 стандартынан ИСО 14001:2015 стандартына ауысуын жүзеге асыру.

Қолданылуы: нағыз САЯСАТ «Республиканский Центр Сертификации» ЖШС МЖ СРО қызметіне және ауысу мерзімінде сертификатталған тапсырыс берушілерге таралады.

Стандарттардың жаңа нұсқаларын қабылдауына байланысты:

ИСО 9001:2015 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»,

ИСО 14001:2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық».

Аккрредиттеу  бойынша халықаралық форум (IAF) және Сәйкестікті бағалау бойынша ИСО Комитеті (CASCO) стандарттардың жаңа нұсқаларына ауысуына үш жылдық мерзім белгіледі.

Осымен байланысты IAF ID 10:2015 ережелеріне және жаңа нұсқаларға ауысу Саясатына сәйкес «Республиканский Центр Сертификации» ЖШС МЖ СРО стандарттардың жаңа нұсқаларына ауысу тапсырыс берушілердің менеджмент жүйелері құжаттарын алдын ала бағалау жүргізуден кейін жоспарлы инспекциялық тексеруде, кезектен тыс инспекциялық тексеруде, менеджмент жүйесін ресертификаттау уақытында ауысатынын хабарлайды.

Жүргізілген жұмыстардың оң нәтижесінде сәйкестік сертификаттары жаңа стандарттардың талаптарына сәйкес қайтадан (қолданылу мерзімі аяқталуына дейін) шығарылады.

ИСО 9001:2015,  ИСО 14001:2015 стандарттарына ауысу жұмыстары 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқталу тиіс.

2018 жылдың 15 қыркүйегінен бастап СТ РК ИСО 9001-2009 и СТ РК ИСО 14001-2006 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелеріне берілген сәйкестік сертификаттары жарамсыз деп саналады.

 

 attestat2.jpgattestat3.jpg


«Республиканский Центр Сертификации» ЖШС МЖ СРО SIC (System of International Certification) Халықаралық Сертификаттау Жүйесінде нотифиация рәсімін ойдағыдай өтті.

SIC нотификациясы халықаралық талаптарға сәйкес менеджмент жүйелерін растау жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

- ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»;
 



 notification.jpgnotification_annex.jpg